Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сегіз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  19 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Сегіз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында ертең түнде көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында ертең күндіз солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 19 наурызда Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда ертең оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 19 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.  Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Қызылорда қаласында ертең күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 19 наурызда таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай қаласында ертең күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Өскеменде ертең күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Семейде ертең күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 19 наурызда күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Қарағанды қаласында ертең күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда ертең күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева

Мәскеу облысында Wildberries-тің ірі қоймасы өртке оранды

Вайлдберрис

Қоғамдық орында намазхана ашуға бола ма?

Намаз оқу

Павлодар облысында жетім қыз тұрғын үй кезегіне алты жылға кеш қойылған

тұрғын үй кезегі