Жаңа министрдің Шәріпбаевқа қандай қатысы бар?
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Ақорданың ресми сайты бүгін Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығын жариялады. Онда былай делінген: «Брекешев Серікқали Аманғалиұлы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын».
Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, С.Брекешев 2015 жылдан бері «ҚазТрансГаз» АҚ-да түрлі басшылық қызмет атқарып келген. Өткен жылы вице-министр болып тағайындалды. «ҚазТрансГазды» 2014 жылдан бері Қайрат Шәріпбаев басқарады. Ал Шәріпбаевтың кім екенін көпшілік жақсы білсе керек.
Қ.Шәріпбаев Президенттің қабылдауында. Фото: akorda.kz
Қ.Шәріпбаев кеше ғана Мемлекет басшысының қабылдауында болған. Бұл тағайындауды осымен байланыстыратындар бар.