29 Қаңтар 15:25

Қытайды еуропалықтар мазақ ете бастады

Фото:

Даниядағы Қытай елшілігі өз наразылығын білдіріп, Jutland Post басылымында жарық көрген коронавирустың карикатурасы үшін кешірім сұрауды талап етіп отыр. Мұндай мәлімдеме 27 қаңтар күні елшіліктің ресми сайтында жарияланды.

Алматы, NEGE. Мәлімдемеде Jutland Post басылымында жарияланған Нильс Бо Боженстің сатиралық туындысы «Қытайды мемлекетін және қытай халқының сезімін жаралайды» делінген. «Бұл өркениетті қоғамның ауқымынан шығып, сөз бостандығының этикасына жат әрі адамның ар-ожданы мен намысына тиетін әрекет», – деп отыр елшілік өкілдері.

Боженстің карикатурасында Қытайдың жалауы суреттеліп, онда республиканың бес жұлдызы коронавирустың бейнесімен алмастырылған. Тудағы жұлдыздар Коммунистік партияның басшылығымен біріктірілген қытай халқын бейнелейді.

Jutland Post-тың бас редакторы Джейкоб Нибро басылымның Қытайдағы жағдайға байланысты тәлкек ету ниеттерінің болмағанын айтып, кешірім сұраудан бас тартты. «Бұл өте шектеулі кеңістік ағымындағы оқиғаларды бейнелейтін сурет», – дейді ол.

Еске сала кетсек, осыдан 15 жыл бұрын дәл осы даниялық басылым пайғамбар Мұхаммед бейнеленген карикатура жариялап араб әлемінде үлкен наразылық тудырған.

Тегтер: