12 Ақпан 20:06

Депутат Үкімет басшысын қызметінен кетуге шақырды

Фото:

Бүгін Жогорку Кенеш депутаттары  Баткен облысының басшысы Акрам Мадумаровтың кандидатурасын талқылады. Оның премьер-министрдің шекара мәселелері жөніндегі орынбасарлығына ұсынылуы бірқатар депутаттардың ашуын туғызған.   

Алматы, NEGE. Мәселен депутат Мақсат Сабировтың сөзін 24.kg былай келтіреді.

«Әкімдер де, ауылдық округтердің басшылары да жергілікті халықтың мәселелерімен айналысуы керек. Біз Акрам Қамбарәліұлын Кадамжай ауданының әкімі болған кезінен бастап жақсы білеміз. Кейін Баткенге келді. Бұл аймақта бірнеше қақтығыстар орын алды, сондықтан мен оны қазір премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындағысы келетіндерге таңғаламын», - деген депутат.

Сондай-ақ, деп Үкімет басшысына қарата былай депті.

«Үш орынбасар ауыстырдыңыз, үкіметтің жартысы жаңарды. Бірақ министрлер кабинеті жұмыс істейтін шығар деген үмітпен әлі күн кешіп келеміз. Мен сізге жуырда ғана айтқанмын, жұртты ауыстыра бергенше, өзіңіз орныңызды босатсаңызшы деп. Сол сөзді тағы да айтамын. Себебі үміттің де үзілетін шағы болады».

Тағы бір депутат Рыскелды Момбеков былай депті: «Мен түсінбедім, Баткен губернаторына вице-премьер статусы не үшін керек? Шекараға ветеринар жауап бере ме?».

Дегенмен бүгін депутаттардың басым дауысымен Акрам Мадумаров вице-премьер атанды. Үкімет басшысы Мухаммедкали Абылғазиев депутаттардың білдіргені сенімі үшін алғыс айтқан.

Тегтер: