23 Желтоқсан 17:29

Қызды бетінен ұрған мұғалім жұмыстан қуылды

Фото:

Маңғыстау облысында команда ойыншысына қол көтерген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау. NEGE. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатаев мәлім еткендей, №3 мектеп директоры дене шынықтыру пәнінің мұғалімін жұмыстан босату туралы тиісті бұйрыққа 20 желтоқсанда қол қойған. Маңғыстау облысында ер адам жарыс кезінде волейболдан қыздар командасының ойыншысын бетінен ұрғаны жайлы видео әлеуметтік желіде тараған еді. Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл оқиға Мұнайлы ауданында жарыс кезінде болғанын және оған қатысы бар ер адам жаттықтырушы емес, Жаңаөзен қаласы N3 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі екенін мәлім етті. «Ол жаттықтырушы емес. Жарысқа оны ешқандай ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты. Аталған оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтайтын болады», - деген еді басқарма өкілдері.

Тегтер: