22 Маусым 20:04

Вирустың жеңіл формасы көп тіркелуде

Фото:

Қазақстанда коронавирусты жеңіл формада өткеретін науқастар саны артып келеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет бойынша кеңесшісі Жанар Сүлейменова айтып берді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, КВИ жеңіл формасы мен симптомсыз түрі көбірек тіркеліп жатыр.

«Бұл ауру құрылымының генетикалық түрленуі жүріп жатқанын көрсетеді. Біз байқаған пневмонияның ауыр түрлері мұндай көп көлемде тіркеліп жатқан жоқ», – деді министр кеңесшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұған дейін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 мыңнан асқанын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 27 541 COVID-19 жағдайы тіркеліп отыр. Оның симптомсыз түрі – 9 809 адамда, симптомды түрі – 17 732 адамда. Соңғы тәулікте 1 471 ауру тіркелді, оның 507 – симптоммен, 964-і – симптомсыз», – деді Ж. Бекенов.

Тегтер: