16 Қараша 15:06

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Боратты» ұстады

Фото:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топты ұстады.

Алматы, NEGE.  2020 жылдың сәуір-қазан кезеңінде ҚР ҰҚК шетелден ҚР-ға синтетикалық есірткі жеткізуді, сондай-ақ оларды жасауды және "Борат24" интернет-дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді.

"Трансұлттық есірткі құрылымына 34 қатысушы ұсталып, 8 есірткі зертханасы жойылды. Еліміздің ірі мегаполистері – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентке контрабандалық жолмен әкелінген 40 келі психотроптық зат алынды. Алынған есірткінің қара нарықтағы бөлшек құнының болжамды бағасы - 600 миллион теңге.

Одан басқа, "биткоиндар" сатып алу және оларды шетелге шығару бойынша қаржы операцияларын жүзеге асыру жолымен есірткі сатудан алынған ақшалай қаражатты заңдастыруды ұйымдастырған заңсыз криптоайырбастауыштар әрекетінің жолы кесілді", - делінген хабарламада.

Бұл ретте алынған ақшаны заңдастыру үшін көмекшілер жасаған 6 жылжымалы майнинг ферма анықталды. Есірткі құрылымының көмекшілері 2 жылда (2018 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы желтоқсан аралығында) 2,5 миллиард теңгеден аса соманы заңдастырған.

Көрсетілген деректер Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 4-тармағы, 264-бабының 2-тармағы, 286-бабының 4-тармағы және 218 бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Тегтер: