7 Желтоқсан 12:02

Ұйықтап жатып қалай арықтауға болады?

Фото:

Белгілі болғандай, адамның ас-ауқатқа деген тәбеті түнгі ұйқысына тікелей байланысты. Ұйықтап жатып қалай арықтауға болады? Бұл туралы тамақтану саласының сарапшысы Елена Глазатова ойымен бөлісті, деп хабарлайды Tengrinews.

Алматы, NEGE. Маманның айтуынша, түнгі ұйқы кезінде адам организімі арықтауға көмектесетін аса маңызды екі гормон істеп шығарады: лептин (тоқтық гормоны) және грелин (аштық гормоны). 

«Лептин май жасушаларынан бөлінеді әрі тоқтық сезімін тудырып, тамақтану әдетіне жауап береді. Аталмыш гормонның тікелей міндетіне калорияның мөлшерін анықтау, дәлірегі, қанша калория қосылғанын немесе қанша калория жұмсалғанын талдау жатады. Осы гормон энергияны қайда жұмсау керектігін шешеді. Қалай болса, солай, бей-берекет тамақтанудан және күпті болғанша тойып тамақтанудан гормон өз міндетін дұрыс атқара алмай қалады, осыдан барып адам тойғанын білмейді де организмге қажетті мөлшерден артық тамақтануға дағдыланады. Ал грелин көптеген ағзаларда, атап айтқанда, өкпеден, ұйқы безінен, бүйректен, аш ішектен, қуық безінен, планцеттен бөлінеді. Бұл гормон аштық және тою орталығын бақылайды»,- деп түсіндірді ол.

Түнгі режимдегі ұйқы дұрыс болмаса, аштық гормоны дұрыс жұмыс істемейді. Тойыну сезімі миға кешігіп жетеді. Сол себепті де ұдайы ұйқысы шала адамдар тәулігіне 40 пайыз артық калория тұтынады. Мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін ұйқы режимін сақтау керек: аталған гормондар 23.00-ден бастап бөліне бастайтындықтан осы мерзімге дейін ұйықтап үлгеру керек. Түнде 7-7,5 сағат ұйықтауы тиіс. Осыны әдетке айналдырған адамның бойында бір аптадан соң терең ұйқы фазасында арықтауға көмектесетін қажетті гормондардың бөлінуі белсенді жүретін болады.

Тегтер: