23 Мамыр 13:36

Түркістанда Ораза айт кезінде қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

Фото:

Бұл бастамаға жолаушылар тасымалымен айналысатын жергілікті кәсіпкер ұйытқы болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Тұрғындар таңертеңгі жеті жарымнан тоғыз жарым аралығында және кешкі алтыдан сегізге дейін ақысыз қатынай алады. Автобустарда санитарлық талаптар толық сақталады. Еске сала кетейік, биыл Ораза айты мамырдың 24-інен басталады. Бұл күндері отыз күн аузын бекіткен адамдар құрметке бөленіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлағандай, карантиндік шектеуге байыланысты айт намазы үйде оқылады.  

Тегтер: