23 Сәуір 20:43

Тағы бір журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото:
Шымкенттегі журналист Зәуре Мирзаходжаева қудаланып жатқанын хабарлады

.

Алматы, NEGE. «Мені Шымкенттегі Абай АІІБ-не шақырып жатыр. Аға тергеуші Көлбаевтың айтуынша, маған қатысты ҚР ҚК 274 бабы (әдейі жалған ақпарат тарату- ҚазТАГ) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әзірге маған кімнің шағымданғанын және не үшін екенін білмеймін. Алайда болып жатқан жайтты журналистік қызметіммен байланыстырамын. Осыған байланысты адвокаттар қоғамдастығына сауал тастағым келеді. Менің мақаламда көрсетілген деректердің құжат түрінде расталғанын ескерер болсақ, орын алған жағдайды қалай түсінуге болады? Әріптестер, азаматтық белсенділер және жәй ғана адал адамдар мені репостпен қолдауларыңызды сұраймын», - деп жазған Мирзаходжаева бейсенбі күні Facebook парақшасында.
ҚазТАГ агенттігі Мирзаходжаевамен телефон арқылы сөйлесе алмады, ал мессенджердегі хабарламаларға ол жауап бермеген.
Зәуре Мирзаходжаева Қазақстандағы белгілі журналист, ол бірқатар республикалық БАҚ-пен жұмыс жасайды. Соңғы кездері ол өз сайтында және әлеуметтік желісінде Шымкент билігін сынға алған материалдар жариялап келген.
Бұған дейін хабарланғандай, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш адамдар емес, вирус қауіп төндіріп отырғанын ұмытпауға шақырған еді.
«Кей елдер коронавирус пандемиясын пандемиямен байланысы жоқ қуғын-сүргін жасауға себеп ретінде пайдалануы мүмкін, себебі коронавирустың өршуі адам құқықтарының дағдарысына ұласып кетуі мүмкін», - деді Гутерриш.
«Шекарасыз репортерлер» (RSF) халықаралық ұйымының соңғы ақпары бойынша Қазақстан баспасөз бостандығы индексінде Өзбекстан, Руанда мен Түркияға жол беріп, 180 орынның 157-сіне тұрақтаған еді.

Тегтер: