29 Мамыр 18:28

Шарында селден 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті

Фото:

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Сел жүріп алты адам жарақат алды, 2 адам қаза тапты.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды.

"29 мамырда сағат 13.35-те Алматы облысы ТЖД-ға Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде балшық-сел жүргені туралы хабарлама келіп түсті, салдарынан 6 адам зардап шекті, 2 адам қайтыс болды, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған, бір адам хабар-ошарсыз кетті", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, жоғалып кеткен адамдарға іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Балшық-сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруінен болған. Қысқа мерзімді нөсер жаңбыр болғаны хабарланды. Шамамен 15 минут бұршақ жауған. 

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД-ның 31 қызметкері мен 8 техникасы, 4 жедел медициналық жәрдем көлігі мен оның 6 қызметкері, ЖАО және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Тегтер: