11 Маусым 09:07

Санитарлық нормаларды сақтамаған 100 нысан жабылды 

Фото:

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті кәсіпорындардағы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын рейд жүргізеді. Бұл жөнінде қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда біз елордалық бас санитар дәрігер қаулысының сақталуына мониторинг жүргізудеміз. Осы уақыт аралығында Сарыарқа ауданындағы 300 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде 100 нысанда санитарлық шаралар сақтамаған. Нысандар бұл олқылықты түзеткенге дейін жабылды. Кәсіпкерлерге түсіндіру жүргізілді. Нысандар саннормаларды қатаң сақтауға міндетті: кіре берісте санитайзерлер (антисептик) болуы тиіс, қызметкерлер мен клиенттер бетперде киюі керек. Сондай-ақ үстел арасындағы 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Келушілер маска тағып жүруі қажет»,-деп атап өтті Сарыарқа аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамира Нұран. 

Тегтер: