11 Желтоқсан 13:30

ПТР тестілеу қандай жағдайда тегін жасалады

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов ПТР тестілеу тегін жасалатын санаттарды айтып берді.

Алматы, NEGE. «Егер тұрғындардан жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) симптомдары байқалса, оларға ПТР анализ тегін жасалады. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша сол науқастармен байланыста болғандарға да ПТР сынағы тегін жасалады. Сосын аптасына бір рет жүкті әйелдерді арнайы тексеріп отырамыз. Ол да тегін болады. Қалған жағдайда егер адамдар өзі тексерілгісі келсе, шетелге шығатын болса, еңбек демалысынан кейін жұмысқа шықса, ПТР сынақты өз қаражатына тапсыруы керек», - деп түсіндірді Т.Мұратов Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қала стационарларында 204 науқас ем алуда. 560 төсек-орын дайындалып, оның 38 пайызында науқастар жатыр. COVID-19 үшін биоматериал жинайтын зертханалар саны 16-ға дейін көбейтілді, жалпы қуаты тәулігіне 11 мыңнан астам зерттеу жүргізуге жетеді.

Тегтер: