6 Қаңтар 19:04

«ОТАН» БПҰ мүшелерімен кездесу өтті

Фото:

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үмiткерлер «Отан» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Малика Махауова алғы сөз алып, білім беруді, денсаулық сақтауды, жолдарды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта құру, күрделі жөндеу, 190-нан астам жұмыс орнын құру бойынша жобаларды жүзеге асыру бойынша айтып өтті.

Жеті бағыт - жетістік жолы

Осы орайда «Nur Otan» партиясы: Ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдап, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізеді. Осы ретте мамандар тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді,- деді сөзін әрі қарай жалғап, Малика Кашуковна. «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Олар:

1. Экономикалық тұрақты аудан.

2. Жайлы аудан.

3. Әлеуметтік бағытталған аудан.

4. Жастарға арналған аудан.

5. Тарих пен мәдениетті дамыту.

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.

7. Қауіпсіз аудан.

Бұлардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау, - деп сөзін сабақтады үміткер.Тұтастай алғанда, 5 жыл ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік қолдау шаралары 2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді»,- дей келе  Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік өнімдерімен тұрақты қанықтыру мәселелері ерекше өзекті. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерге барынша қолдау көрсету міндетін қойып отыр.

Сондықтан ауданда жаңа технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру, жабдықтау арқылы дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру бойынша жұмыс жалғасады. Ол үшін біз келесідей істерге қол жеткіземіз. Мәселен Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржы институттары арқылы мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге, Агроөнеркәсіптік кешен саласының 10-ға жуық әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруға, оның ішінде Пугачев ауылында 600 мал басына сүт фермасын салу, Жарсуат ауылында асыл тұқымды шошқаларды 9 000  басқа дейін өсіретін  «Гибридті асылдандыру орталығын»  салу,  Успенов, Ақсу, Бөрлі  ауылдарында 3 000 мың  бас асыл тұқымды шаруашылық  ұйымдастыру, жылына қуаты  200 тонна сүтті қайта өңдеуді және ірімшік өндіруді кеңейту, жылына қуаты  100 тонна етті қайта өңдеу және консервілеуді кеңейту, суармалы учаскелерді қалпына келтіру және игеру жолымен  ұлғайту жоспарда тұр.Және қор тереңдігін, су сапасын көрсету арқылы кемінде 10 жұмыс істеп тұрған және бітелген құдықтарды жыл сайын зерттеуге және реконструкциялауға қол жеткіземіз.Нәтижесінде бұл шаралар 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы айналымына қатысатын ауылшаруашылық жерлерінің үлесін 9,4%-дан 19,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді»,- деді үміткер Малика Кашуковна.

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жолдар – әр аймақ өмірінің негізгі артериялары. «Nur Otan» партиясының мақсаты – автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңімен арттыру»,- деп сөз алған кезекті үміткер Нурия Муфтеева жолдар сапасының жақсаратынын айтып өтті. Ол үшін біз алдағы бес жылда төмендегідей жетістіктерге қол жеткізетін боламыз.

Ақсай қаласының ішкі жолдарын, Жарсуат, Приурал, Пугачев, Бөрлі, Кеңтүбек, Қанай  ауылдарының 51,1 шақырым  ішкі жолдарын жөндеу және салуға ықпал етеді, соның ішінде: 2021 жылы Ақсай қаласындағы Утвинская, Трудовая, Рабочая, Шыңғырлау, Мостовая көшелері, Бөрлі ауылындағы Садовая көшесінің жолдарын күрделі жөндеу; Сондай-ақ,Ақсай қаласындағы Қызылтал ықшамауданының 17 көшесіне, Бөрлі ауылындағы Чапаево көшесі, Приурал ауылындағы Жетекші, Уральская, Достық көшелерінің жолдарын күрделі жөндеу; Ақсай қаласындағы 1,2,3 Строительная көшесіне жол  салу; Қаладағы Молодежная, Степной переулок, Западная, Бөрлі көшелеріне жол салу;4 ықшамаудандағы ішкі жолдары мен Қызылтал ықшамауданына  апаратын жолды күрделі жөндеу.Ақсу, Александров, Жаңақоныс, Жарсуат, Қанай, Бумакөл, Приурал, Пугачево, «Амангельді-Успен-Жаңаталап-Жарсуат», «Ақсай-Кеңтүбек-Қарағанды», ұзындығы 65 км ауылдарға кірме жолдарды жөндеу жоспарлануда.Сонымен бірге Автобус паркін жаңарту, GPS трекерді қондыру жоспарлануда. Облыстық маңызы бар Федоровка-Аксай және республикалық маңызы бар Подстепное-Илек автокөлік тас жолын реконструкциялау жұмыстары жүргізілетін болады.Нәтижесінде, бұл шаралар 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 52,8%-дан 62,3%-ға дейін жеткізуге және ауданның 30 мыңнан астам тұрғынын сапалы жолдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деді.

Сапалы білім беру басты міндет

Ал келесі үміткер, Асылхан Қармысов білім саласы бойынша айтып,инклюзивті біліммен қамтуды 100%-ға дейін ұлғайту, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 150 орындық оңалту орындарын салу бойынша партия мүмкіндік жасайтынын жеткізді.

«COVID-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгертті. Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданның одан әрі дамуы үшін маңызды шарты болып табылады. Сондықтан Партия білім сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмыстанатын болады. 

Бұл үшін «Nur Otan» партиясының ықпалымен қашықтықтан оқытуды сақтаған жағдайда әлеуметтік осал отбасылардың балалары мен мұғалімдерді компьютерлік жабдықтармен толық қамтуға,білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету (мектеп жасындағы оқушыларға: киім-кешек, аяқ киім, ыстық тамақ  және тегін тасымалмен қамтамасыз ету), 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқытуды ұйымдастырып және аз қамтылған отбасыларды дербес компьютерлермен қамтамасыз ету; Аудан бойынша 6 мектепке интернет жылдамдығын арттыру мақсатында қосымша спутниктік станциялар орнату. Және мектепалды және қосымша білім беру орталығының құрылысын салу, Ақсай қаласында 140 орынды балабақша,13 ықшамауданындағы 100 орынды интернаты бар 300 орынды мектеп, 10 ықшамауданындағы 1200 орынды мектеп,  Пугачев ауылында 1200 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарда екенін жеткізді.

Кәсіпкерлерді қолдаймыз

Аудандық мәслихат депутаттығына тағы бір үміткер Лесбай Ееусинов кәсіпкерлікті қолдау мақсатында партияның алдағы жоспарларына тоқталды.

Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Алайда коронавирустық пандемия бизнестің экономикалық белсенділігінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді.

Сондықтан «Nur Otan» партиясы аудандағы іскерлік белсенділікті жандандыруға, мемлекеттік қолдау мен «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын пайдалана отырып, ШОБ-тың жаңа кәсіпорындарын құруға көмектеседі.

«Nur Otan» партиясы алдағы уақытта  «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 18 кәсіпкерден кем емес субсидиялық есебінен 12 жоба және 6 грант беруге жағдай жасауға, «Еңбек» бағдарламасы аясында  жыл сайын 5 грант пен 45 несие алуға,

Ақсай қаласында 4-жұлдызды қонақ үй кешенін салу; Замануи  әкімшілік ғимаратымен техникалық қызмет көрсететін кешен  салу; Пепел теміржол бекетінде  асфальт- бетон зауытын салу; Арнайы киім тігуді ұйымдастыру; Шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын  өндірісті ұйымдастыру;Облавка ауылында емдеу-сауықтыру кешенін салу (пантамен емдеу); Метал бұйымдарын шығаратын зауыт ашу; Пугачев ауылында жылыжай кешенін құру;Бөрлі ауылында жол жиегінде қызмет көрсететін кешен салу бойынша жұмыстанады деп жеткізді.

Үміткерлер кездесуге жиналғандарды  ел игілігі үшін осындай ауқымды жұмыстарды мақсат еткен «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: