28 Сәуір 09:06

Оқушыларды IV тоқсанда жиынтық бағалау қалай жүргізіледі?

Фото:

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова оқушылар IV тоқсанның жиынтық бағалауын (ТЖБ) қашан тапсыратынын айтты. 

Алматы,  NEGE.  «Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу мерзімі аптасына 2 және одан көп сағатты құрайтын пәндер бойынша 4-11 мамыр аралығында өтеді. Жалпы біз мұның алдында Білім және ғылым министрлігінің №135 бұйрығында 4-8 мамыр деп белгілеген едік. Қазір мерекелік даталарға сәйкес келуіне байланысты 11 мамырға дейін ұзарттық. Аптасына бір сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 11-15 мамыр аралығында және 1-10 сыныптарда тоқсандық бақылау, сонымен қатар 11-сыныптарда бақылау жұмысы 18-22 мамыр аралығында өтеді. Жалпы БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының барлығын мұғалімдер өздері өткен тақырып бойынша дайындайды», - деді Майра Мелдебекова онлайн-сұхбат барысында. Айтуынша, оқу пәндері бойынша 1-10 сыныптарда жүргізілетін жиынтық бақылау кестесін әрбір білім беру ұйымы жеке дайындайды. «БЖБ өткізу уақытын 20 минут, ТЖБ уақытын 40 минут деп белгілеп отырмыз. Сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларымыз жас ерекшеліктеріне қарай, технологияларды әлі де толық меңгермеуіне байланысты уақыт шектелмейді. Ата-аналарға да, оқушыларға да айтарымыз, қазіргі сабақ барысы, қашықтан оқыту жүйесі қалай өтіп жатса, БЖБ да, ТЖБ да солай өтеді», - деді комитет төрағасы. 

Тегтер: