27 Мамыр 12:43

Маска режимі қашан алынады?

Фото:

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай жағдайда маска режимінің күшін жоюға болатынын айтты.

Алматы, NEGE. «Қалада эпидемиологиялық ахуал толығымен тұрақтанып, вакцинацияның 70-75% деңгейіне жеткенде маска режимі жойылады», - деді Жандарбек Бекшин.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, коронавирустың үшінші толқынының бәсеңдеуіне карантиндік шектеулердің енгізілгені оң әсер еткен. 20%-дық иммундық қабатты қалыптастыру инфекцияның таралуының алдын алды, оның ішінде 14,8%-ы вакциналанған және 5%-ы соңғы жарты жылда ауырып-жазылғандар.

Сонымен қатар, ол қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы екпе салдыру екенін айтып, вакциналануға шақырды.

Тегтер: