20 Маусым 15:35

Маңғыстауда жұмыртқа «қуыратын» аптап болды (видео)

Фото:

Маңғыстауда ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілді.

Алматы, NEGE. Жаңаөзендегі осындай аптапта тұрғындар далада жұмыртқа «қуырып» жатыр. Маңғыстау облысында ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер мұндай болжамды бүгін, 19 маусымда айтты.

Жаңаөзен тұрғындары мұндай ыстықта ас үй плитасының көмегінсіз, далада, күнге қызған тастың үстінде жұмыртқа жасағанын видеоға түсірген. Желіде осыған ұқсас видеолар бұрын да жарияланған. Мысалы, 2017 жылы Атырау мен Шымкентте ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілгенде, адамдар жұмыртқаны  осындай әдіспен қуырған еді. Алайда кейбір Желі қолданушысы видеолар фейк деп санайды, олар жұмыртқа дайындау үшін табаны алдын-ала кәдімгі пеште қыздыруы мүмкін деген болжам айтқан. 

Айта кетейік, Маңғыстауда тек аптап болжанып отырған жоқ. Синоптиктер шаңды дауылдар мен дала өрттері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тегтер: