25 Сәуір 10:45

Мамыр айындағы мерекелерде неше күн демалыс?

Фото:

Мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жұма күніне тап келеді; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, бейсенбіге келіп тұр, ал 9 мамыр – Жеңіс күні, сенбіде атап өтіледі.

Алматы, NEGE. 9 мамыр демалыс күніне келетіндіктен, қазақстандықтарға тағы бір демалыс күні беріледі. Ол сенбіден дүйсенбіге, 11 мамырға ауыстырылды. Алайда Қазақстан Республикасының үкіметі 7 мамырдан 10 мамырға дейін демалу үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды, деп хабарлады zakon.kz. Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 1, 2, 3 мамырда, содан кейін 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.

Тегтер: