14 Мамыр 19:13

Мал шаруашылығы: Дүниежүзілік банк Қазақстанға 460 млн еуро бөледі

Фото:

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесу өткізді. Бұл туралы  primeminister.kz сайты жазды.

Алматы, NEGE. Тараптар ҚР мен Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар, қаржы, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, экология, адами капиталды, шағын және орта бизнесті дамыту секілді салалардағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан экономикасына пандемия салдарын барынша азайту мәселелерін талқылады.

Дүниежүзілік банк өкілдері ҚР Үкіметінің COVID-19-ға қарсы күрес, кәсіпкерлікті қолдау және нәтижелі жұмыспен қамту бойынша қабылдап жатқан шараларына жоғары баға берді.

Бұл 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу траекториясына шығуына мүмкіндік берді. Экономиканың нақты секторындағы тұрақты және жоғары өсу қарқыны, елдің ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің артуы, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер секторындағы қалпына келтіру серпіні ерекше аталып өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша нәтижеге бағдарланған мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасы бойынша қарыз туралы келісімге қол қойылды. Құжат Халықаралық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға ветеринариялық қызмет пен жануарларды есепке алу жүйесін жетілдіруге, фермерге бағдарланған қызмет көрсету моделін кеңейтуге, сондай-ақ етті мал шаруашылығы секторы үшін «жасыл өсім» саясатын іске асыруға 460 млн еуро бөлуін көздейді. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдар.

Тегтер: