11 Қаңтар 11:14

Лаңкестік шабуылдан кейінгі Алматы (фоторепортаж)

Фото:

Алматыда террорлық шабуылдан кейін қала көшелері тоналған нысандар мен өртенген көлік қаңқаларына толды. Ауа райы да бірнеше күннен бері қаралы, күн көзі көрінбейді. Бейбіт шерумен басталған жиынның арты қайғылы жайттарға ұласты. 

Nege.kz порталының тілшісі лаңкестік шабуылдардан кейінгі қала көшелерін аралап көрген болатын. Алматыда көптеген ғимарат пен сауда орындары тоналып, өртенді. 

Қазір қаладағы жағдай қалыпты. Лаңкестерден ең көп зардап шеккен қаланың орталық алаңы қазір қоршауға алынған.

Қалада арнайы техника мен жүздеген адам қызу жұмысқа кіріскен. Коммуналдық қызметтер әскери қызметшілер залалсыздандырған аумақтарды тазартып жатыр. Аулалардан 950 тонна тұрмыстық қалдық, көшелерден 250 тонна қоқыс шығарылған.

Қалада өртенген көліктердің қаңқасы әлі де жатыр. Дегенмен, тіршілік жандана бастаған. Тұрғындар қала көшелеріне шыға бастады. 

Дүкендерге азық-түлік жеткізіліп жатыр. Тұрғындар дүкендерде нан жоқтығын айтқан болатын. Қазіргі таңда қажетті азық-түліктер дүкен сөрелерінде жеткілікті мөлшерде сатылып жатыр.

Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы бүгінгі күні мегаполистегі ахуал қандай екенін де баяндады.

11 қаңтардағы жағдай бойынша:

  • Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы;

  • "Өжет" ықшамауданы;

  • Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілген. 

Қазіргі таңда қаланы лаңкестерден тазалау операциясы әлі де жүріп жатқандықтан Алматы қаласының комендатурасы тұрғындарға барынша сақ болу керектігін ескертіп жатыр.

Тегтер: