24 Қаңтар 20:25

Көш басында – Жамбыл облысы

Фото:

Жамбыл облысы өткен жылдың қорытындысына сәйкес, экономикалық өсім бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұл туралы бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды.

Алматы, NEGE. Өзге облыстарға қарағанда Жамбылда дамудың оң динамикасы сақталып отыр. Өткен жылғы экономиканың өсуі 105,5 пайызды құраса, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, инвестиция, сауданың өсуі республикалық орта көрсеткіштен жоғары. Ал, құрылыс жұмыстары 109 пайызға орындалған.

Бюджеттік кірістер артығымен орындалып, 99,9 пайызға игерілген.

Сол сияқты, былтыр өңірде кәсіпкерлерге 8,6 миллиард теңге шағын несие берілсе, екі мың адамға 505 мың теңгеден 1,2 миллиард теңге грант бөлінген. 

«Халықтың 60 пайызы ауылдық жерлерде тұратын Жамбыл облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды ынталандыру бойынша шаралар кешені қабылдануда. Осы жоба аясында таяу екі жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 34 пайызға, кәсіпорындар жүктемесі 30 пайызға өседі, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады», – деді Үкімет басшысы.

 

Тегтер: