18 Маусым 12:30

Көршілеріне ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды

Фото:

Түркістан облысы полицейлері көршісінің ноутбуктарын ұрлаған жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне заңсыз кіру арқылы екі дана ноутбугын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 000 теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Осындай ұрлық жайтымен полиция бөліміне тағы бір тұрғын шағым түсірді. Ер адам өз арызында тұрғын-үйінің ауласында есігі ашық тұрған көлігінен біреу 80 000 теңге тұратын ұялы телефоны мен әмиянындағы 20 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін жеткізді.

Осы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Орын алған бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарын ашу, қылмыскерді ұстау мақсатында аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Көрген-білгендерден жауап алып, ұялы телефон сататын сауда орындары, ломбардтар тексеріліп, барлық қажетті шаралар жүзеге асырылды.

Қорытындысында полицейлер күдіктіні ұстады. Ол ноутбугы ұрланған жәбірленушінің көршісі болып шықты. Күдікті ретінде танылған жергілікті тұрғын, жігіт бұрын да ұрлық жасап сотты болғаны анықталды.​​​​​​Тергеу барысында анықталғандай күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп, ақшасын қажеттілігіне жаратып жіберген. ​​Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа жолданды. Күдікті қамауға алынды.​​​​​​​

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалызаттарыңызға барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Үйіңіз бен қақпаңыздың, көлігіңіздің есіктерін ашыққалдырмаңыздар. Аулаңызға бейнебақылау камераларын, дабылқақыш орнатыңыздар. Бұл өз кезегінде сіздіұрылардың оңай олжасына айналуыңыздан сақтайды.

Тегтер: