3 Мамыр 10:49

Коронавирус: Қапшағайда 100 адам тексерілді

Фото:

Қапшағай қаласына қарасты Заречный кентінің 58 жастағы тұрғынынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Ол Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жұмыста науқаспен байланыста болған 100 адам тексеріліп, барлығының вирусологиялық талдауы теріс нəтиже көрсетті», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір Алматы облысында коронавируспен ауырғандардың саны 145 адамға жетті. Оның 14-і індеттен жазылып шықты.

Тегтер: