19 Мамыр 10:12

Кене көбейіп жатыр

Фото:

Батыс Қазақстанда кене көбейіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Әсіресе, аймақтың оңтүстік аудандарында қансорғыш жәндіктердің көбейгені сонша, далада аяқ басып отыру мүмкін емес көрінеді. 

Алматы, NEGE. Бұлар төрт түліктің ішінде әсіресе жылқыға үйір. Терісі жұқа бұл жануардың алды қазірден-ақ қырылып жатыр. Өңірде кенеден өлген малдың нақты есебі белгісіз. Ветеринария органдары ондай ресми мәлімет жоқтығын айтады. Ал малдың үстіндегі қансорғыштарды өңдеумен мал иелері өздері айналысуы тиіс екен. Енді осы проблеманы шешу үшін мамандар шегірткеге қарсы улау кезінде кенені де қоса өлтіретін препарат қолдануды және өңделетін алқаптар аумағын көбейтуге қаржы сұрап отыр.

Облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Балдай Сапарғали: "Биыл мамыр айында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жер алқаптарын зиянкестерге қарсы өңдеу кезінде кең ауқымды препараттарды қолдану мәселесін қарастыру бойынша ұсыныстар жіберілген" деді.

Тегтер: