2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Димаштың Будапештегі концерті аншлагпен өтті

4 мамырда Будапештте 2024 жылы "Stranger" туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өтті. Венгрияның ең үлкен алаңы - Ласло Паппа атындағы спорт аренасы ығы-жығы адамға толы болды. Будапештке Димаштың концертін тамашалау үшін әлемнің 77 елінен адамдар ағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

димаш
Фото: dimashnews.com

Алматы, NEGE. Әр елде өткізілетін Димаш шоуы халықаралық мерекеге айналуда. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әнші жанкүйерлері қалаға алдын-ала келіп, бір-бірімен танысып, дәстүрлі pre-party стилінде кездесулер ұйымдастырады.

Будапешттегі концертте еуропалық авторлардың "GOLDEN" және "S. O. S D ' un TERRIEN EN DÉTRESSE" шығармалары Қытай және жапон композиторларының — "battle of MEMORIES", "JUST LET it BE" және "AUTUMN STRONG" сынды туындыларымен үйлесе орыналды.

"Димаштың гастрольдік турының басты міндеттерінің бірі - көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру. "ДУРДАРАЗ" халық әні, "АДАЙ" күйімен қатар сахнада белгілі отандық авторлар Еділжан Ғаббасовтың "FLY AWAY", Джордан Аракелян, Айгүл Бажанова мен Мұңайдар Балмолданың "МАХАББАТ БЕР маған" және Димаштың інісі Әбілмансұрдың "TOGETHER" атты алғашқы композиторлық шығармалары шырқалды. Димаштың "Stranger" туры Венгриядағы әншінің жеке концертімен өз жалғастығын тапты", деп хабарлайды dimashnews.com.

Димаш Құдайбергеннің келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұл қаласында туған күніне орай өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев