5 Желтоқсан 08:32

«Қазгидромет» ескерту жариялады

Фото:

Еліміздің кей облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 4-5 желтоқсан күндепі Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма ауылында 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

5-6 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Петропавл қаласында 5-6 желтоқсанда тұман болуы мүмкін. Ауа райы болжамының дәлдігі – 90-95%.

5 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі – 85-90%.

5 желтоқсанда Түркістан облысында тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.

Ауа райы болжамының дәлдігі – 90-95%.

Тегтер: