6 Ақпан 12:25

«ҚазАвтоЖол» басшылары жауапқа тартылды

Фото:

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» басшылығына оншақты мәрте ескерту жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Себеп: жол жөндеудегі кемшіліктер, жолдағы үлкен шұңқырлар, жол белгілерінің болмауы, сондай-ақ, жол бойындағы қисайған қоршаулардың уақытында түзелмеуі.

Жол полициясы қызметкерлері қар тазарту жұмыстары мен мұзға қарсы қолданылатын материалдардың уақытында себілуін де қадағалап отырған. «ҚазАвтоЖол» атқаруы тиіс осы жұмыстарда арыз-шағымдар көп болған. Осыған байланысты жол қауіпсіздігіне жауапты әртүрлі деңгейдегі оннан астам басшы жауапқа тартылды.

«Облыс жолдарының жағдайын қатаң және уақтылы бақылау тек жол қауіпсіздігіне ғана әсер етпейді, сонымен қатар, оны қадағалайтын мекеменің жауапкершілігін де арттырады», - дейді Жамбыл облысы ІІД бастығы Арман Оразалиев.

Жыл басынан бері қабылданған шаралар нәтижесінде жол қауіпсіздігіне енжар қарағаны үшін «ҚазАвтоЖол» компаниясының жергілікті филиалында еңбек ететін 18 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Тегтер: