1 Маусым 08:12

Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды 

Фото:

 1 маусымда Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Алматы, NEGE. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысында 42 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 18 м/с болады. Дауылды ескертулердің ықтималдылығы 80-90%.

Тегтер: