Елімізде 42 500 теңге 1,2 млн-нан астам адамға берілді

22 шілде, 12:12
Елімізде 42 500 теңге 1,2 млн-нан астам адамға берілді
Фото: 24.kz

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 730 мың бірегей өтініш қабылданды.

Алматы, NEGE. Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады.

1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде: – 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 146,1 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы; – 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.