«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 аудан мен Қонаев қаласында 54 600 оқушыға арналған 53 мектеп салынады
27 жоба бойынша «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыстың 5 ауданы мен Қонаев қаласында 54 600 оқушыға арналған 53 мектептің тізімі бекітілген (Еңбекшіқазақ – 10, Жамбыл – 7, Іле – 12, Қарасай – 10 , Талғар – 12, Қонаев – 2). Бұл мақсатта 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен 311,3 млрд теңге қарастырылды (2023 ж. – 59,2 млрд тг., 2024 ж. – 74,9 млрд тг., 2025 ж – 177,2 млрд. тг). Барлық мектептердің құрылысы үшін жер телімдері бөлінді.
26 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 27 жоба бойынша «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек барлық 53 мектеп бойынша инженерлік-коммуникациялық желілерді салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
Бүгінде 2024 жылы пайдалануға берілетін 23 жоба бойынша желілердің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды (ЖБ-дан 5,2 млрд тг. бөлінген). Алматы қаласының аумағы арқылы электр, сумен жабдықтау және кәріз желілерінің трассасының ұзақ уақыт келісілгенін ескере отырып, 2 жоба бойынша (Тұздыбастау ауылы, Жаңалық ауылы) ағымдағы жылдың мамыр айында сараптама алынатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (2024 жылғы 18 наурыздағы №202) сәйкес, 1 жоба орнының ауысуына орай (Қарасу ауылындағы орта мектепті М.Түймебаев ауылындағы орта мектепке ауыстыру) сараптама қорытындысын шығару маусым айына жоспарланған. 2024-2025 жылға жоспарланған 27 жоба сараптамасы ағымдағы жылдың қараша айында алынады.
«Bitrix» ақпараттық жүйесінде жергілікті атқарушы орган тарапынан мерзімі өткен тапсырмалар жоқ. Алайда, «Самұрық-Қазына Construction» акционерлік қоғамына мерзімі өткен 230 тапсырма жүктелген. Жобалау-құрылыс жұмыстары мақұлданбады – 24, құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алынбады – 25, қосалқы мердігерлер анықталмады – 25, дайындық жұмыстары аяқталмады – 1, нөлдік цикл жұмыстары аяқталмады – 25, монолитті жұмыс аяқталмады – 26, қабырғалар мен қалқалар тұрғызылмады – 26 , терезе қондырғылары орнатылмады – 26 , үйішілік желілер орнатылмады – 26, инженерлік жүйелер орнатылмады – 26.
«Самұрық-Қазына Construction» тарапынан белгіленген мерзімдерді түзету жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды сараптау мәселесі бойынша дирекция қазіргі таңда 2 жоба бойынша мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды (Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылы, Елтай ауылы). Қалған 24 жоба бойынша сараптама қорытындысын шығару маусым айына жоспарланған. Өз тарапынан жергілікті атқарушы орган туындаған мәселелерді шешу үшін мемлекеттік сараптаманың өңірлік филиалдарының өкілдерімен тұрақты байланыста.
Сонымен қатар, бүгінде ағымдағы жылы аяқталатын 26 мектептің басшылығына кандидатуралар анықталып, алдын ала педагогикалық құрамның тізімі қалыптастырылуда. Жалпы, Ұлттық жобаны сапалы жүзеге асыру барысы қатаң бақылауда және «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамымен бірлесіп жұмыстар жалғасатын болады.