20 Қараша 10:30

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония бойынша тың мәліметтер жариялады

Фото:

Денсаулық сақтау министрлігі 20 қарашада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдығушылар жайлы ақпаратпен бөлісті.

Алматы, NEGE. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 158 жағдайы тіркелді, одан емделген 55 адам сауығып кетті.

1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның жалпы 40 848 дерегі тіркелді, одан емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 29 869.

Өткен тәулікте алты адам коронавирустан, бір адам пневмониядан қайтыс болды.

Жалпы, пандемия басталғалы бері короновирустан 1970 адам, 1 тамыздан бастап 424 адам пневмониядан қайтыс болды.

Тегтер: