20 Желтоқсан 17:35

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы тағайындалды

Фото:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі қызметіне вице-министр Жандос Бүркітбаевты тағайындады.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен кеткен.

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, Қазақстан медицина университетінің денсаулық сақтау жоғары мектебін және «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылы астанадағы «Қан орталығы» ШЖҚ МКҚК басқарды.

2011-2019 жылдары – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры.

2019 жылғы 23 қаңтардан бастап «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2021 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Тегтер: