3 Мамыр 12:15
...

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындары наразылыққа шықты

АқЖайық
Фото: АқЖайық

Құлсары қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары баспананың шығынын өтеуді талап етіп, орталық алаңға жиналды, деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай тұрғындардың көбі баспаналарын техникалық байқаудан өткізіп, қорытындысын алып үлгерген.

Олардың арасында мамандардың келгенін күтпегендер де бар. Құлсарылықтардың талабы – бағалау мәселесін бір аптада шешіп, төлем алу.

Жиналғандардың бірі Жазира ҚҰЛМҰХАНОВА үш баламен туыстарының үйінде тұрудан шаршағанын айтады. Ол өз мәселесін тез арада шешуді талап етті. Оның айтуынша, ол Құлсарыдан енді жаңа үй ала алмайды, өйткені ол қаладағы жаңа шағын аудандардың бірінде тұрған жерде барлық үйлерді су басқан.

Оларға берілген жер телімдері үш жылда игерілу шартымен берілгені белгілі. Жиналғандар арасында су тасқынына дейін бірнеше күн ғана жаңа үйде тұрғандар болды.

Тағы бір тұрғын Толқын Қожахметова 369 мың теңге көлеміндегі бір реттік материалдық көмек есебінен қора жалға алғанын айтты.

«Біз тым болмаса қартайғанда өзіміз үшін өмір сүреміз деп ойладық. Балалардың бәрі үйленді... Бірақ жоқ, тағы да сынақтар бітер емес. «Бұдан әрі қалай өмір сүреміз" деген уайыммен жүруге тура келеді! Біз мұнай өндірілетін жерде тұрамыз! Тұрғын үй алаңына қарай 1 шаршы метрге 400 мың теңге төленсін. Үйлерді қалай салуды және қайда тұруды өзіміз шешеміз», – деді Қожахметова.

Тұрғындар алдына аудан әкімі Жұмабек Қаражанов пен оның орынбасарлары Гүлнафиз Айшуақова және Нұрболат Сарманов шықты.

«Әкім бағалау 15 мамырдан кейін шығады деп уәде берді, бірақ бұрын 2 мамыр деген. Біз бұдан былай күте алмаймыз!» – деді тұрғындар

Қала басшылығы халыққа бағалаушылар тез арада жетеді, баспана үшін барлық өтемақы төленеді деп уәде берді. Дегенмен тұрғындар жиынды тастап кетуге ниетті емес.