26 Маусым 10:10

Бүгін ауа-райы қандай болады?

Фото:
Жұма күні Нұр-Сұлтанда жаңбыр күтіледі, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, найзағай. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +14+16.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +16+18.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 8-13, түстен кейін екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +17+19.

Тегтер: