14 Мамыр 10:46

«Болашақ» стипендиясын тағайындаудың жаңа ережелері бекітілді

Фото:

«Болашақ» стипендиясына конкурстық кезеңдер саны 6-дан 3-ке дейін қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Барлық квоталық санаттар жойылды.

Алматы, NEGE. Биылдан бастап конкурсқа шетелдік жоғары оқу орындарынан шартсыз шақырту алған талапкерлер ғана қатыса алады. Оның ауылдан келетін талапкерлерге қатысы жоқ. Бірінші кезеңде үміткерлер интеллектуалды деңгейін тексеретін кешенді тест тапсырады. Екінші кезеңде тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшелерімен жеке сұхбат болады. Үшінші кезеңде шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтеді. Үміткерлер өздігінен тест тапсырып, мемлекеттік тілді білу туралы сертификаттарын ұсынуы керек. Жаңа ережеде ағылшын тілін алдын ала оқыту алынып тасталды. Ол тек ауылдық жерлерден келген талапкерлер үшін сақталады. Тіл үйрену Қазақстанда өтеді.

Тегтер: