6 Қаңтар 19:19

Бір отбасын құтқарған полицейлер марапатталды

Фото:

Елордада өрттен бір отбасын құтқарған полицейлер ведомстволық медальмен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің бастығы ҚР Ішкі істер министрінің атынан өрттен адамдарды құтқарған Патрульдік полиция полкінің инспекторлары аға лейтенанттар Ерлан Қатаев пен Асан Балтабаевты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады. Марапаттау шарасына кеше таңертең полиция қызметкерлері өртеніп жатқан үйден құтқарып алған отбасы шақырылды. Полиция генерал-майоры Ержан Сәденов отбасын келген Жаңа жылмен құттықтады, зор денсаулық, бақ-береке тілеп, балаларға сыйлықтар тарту етті. Отбасының отағасы жақындарын құтқарғаны үшін полиция қызметкерлеріне жүрекжарды ізгі тілегін жеткізді», - делінген департамент таратқан ақпаратта. Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі батыл іс-әрекеттерінің арқасында төтенше жағдай кезінде адам шығыны болған жоқ. Елорда полициясында азаматтарға көмек қолын созуға дайын нағын кәсіби қызметкерлер жұмыс істейді. Олар қала тұрғындарының тыныштығын қорғап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тынбай еңбек етуде. Еске салайық, кеше, 5 қаңтарда елордалық екі полицей жер үйден шыққан өртті алыстан байқап, оқиға орнына дереу жеткен. Үйдің есігін бұзып кіріп, әйелді және оның 15, 13 және 9 жастағы үш баласын құтқарып қалды.

Тегтер: