Алматыда полицейлер әйел адамның аяқ-қолын сындырып тастаған

30 шілде, 11:36
Алматыда полицейлер әйел адамның аяқ-қолын сындырып тастаған
Фото: ғаламтордан

Алматылық әйел өзін полиция қызметкерлері тұтқындау кезінде соққыға жыққанын айтты.

Алматы, NEGE. Айтуынша, оны Наурызбай ауданының учаскелік испекторы ұрып тастаған. Мен терезенің темірлеріне жармасып алдым. Бірақ инспектор аяғымды сындырып тұрып, мені ажыратып әкетті. Кейіннен машинаға сүйреп кіргізді, – дейді әйел.

Бұған қоса, ол полицейлердің еш түсіндірместен бөлімшеде ұстағанын айтады. Айтуынша, қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған.

Мен қабылдау бөлімінің терезесін ұстап, жібермей қойдым. Алайда бұл оны тоқтата қоймады: инспектор саусағымды сындырып тастады. Содан соң сыртқа шығарып ойына келгенін істеді. Қолымды сындырды. Камерадан таса жерге алып барып, түрмеге отырғызамын деп бопсалады. Сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін онымен арпаластым. Мені кінәлі етпекші болды, – деп қосты тұрғын.

Алматы қалалық ПД бұл оқиға жайлы пікір білдірді. Тәртіп сақшылары 29 жастағы келіншектің өзінің ата-әжесін қорқытып ұстап отырғанын, осыған байланысты оған ескерту жарияланғанын атап өтті.

28 мамырда 1943 жылы туған кейуана егде жастағы қарияларға қол көтерген немересіне қарсы арыз жазды. Сондай-ақ әжей әйелдің жанжал кезінде қарттарды көшеге қуып, ұрып-соғып, өгей ағасын түрмеге жабамын деп қорқытатынын жеткізді, – делінген ПД хабарламасында.

ПД өкілдері әйелдің әкімшілік сотқа келмегендіктен тәртіп сақшылары оны мәжбүрлеп жеткізгенін алға тартады. Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін полицейлер әйелдің үйіне күн сайын тексеру жүргізеді екен.