26 Қараша 14:20

Алматыда Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды

Фото:

26 қарашада күндіз Алматыда жұрт екі күн бұрын қайтыс болған диссидент, ақын Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды.

Алматы, NEGE. Арон Атабектің жаназасы қарындасының үйінде оқылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қоштасу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Олардың арасында диссиденттің әріптестері, саясаткерлер, қоғамға танымал белсенділер болды. Олар марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Ақын, диссидент, оппозиционер, Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, жуырда денсаулық жағдайына байланысты босатылған Арон Атабек 24 қарашада сағат кешкі 8 шамасында қайтыс болған.

Арон Атабек Алматы сыртындағы Бағанашыл зиратына жерленді.

Тегтер: