23 Желтоқсан 11:37

Алматы "сары" аймаққа өтті

Фото:

Алматыда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты.

Алматы, NEGE. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Алматы тіркелді. Сондықтан мегаполис "сары" аймаққа еніп отыр. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны - 17 700 адам. Мегаполис "жасыл" аймақтан тағы да шығып кетті.

Бұған дейін "сары" аймақта  астана мен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары болған еді. 

Алматы да осы тізімге енді. Қалада карантин шаралары сақталып, олардың орындалуын бақылау күшейеді.

Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта тек Атырау облысы тұр.

Өзге өңірлердегі жағдай тұрақты, алдағы уақытта шектеу шаралары біртіндеп алынуы мүмкін.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 148 708 адам індетке шалдықты, 2 209 науқас көз жұмды.

Сондай-ақ, тамыз айынан бері коронавирустық пневмония белгісі бар 44 795 адам анықталды, 481-і қайтыс болды.

Тегтер: