18 Мамыр 08:49

Алматы облысында коронавирустан жазылғандар саны 132 адамға жетті

Фото:

Алматы облысында тағы 6 адам коронавирустан жазылды. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде КВИ-ден жазылғандар қатарына тағы 6 адам қосылды.

Алматы, NEGE. Олар Кеген және Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары. 1957, 1971, 1979, 1981, 1985 және 2018 жылы туған пациенттер 1 мамырдан бері Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасында ем қабылдаған. Қазір барлығы сырқаттарынан сауықты, денсаулықтары жақсы. Жалпы, Алматы облысында коронавирусты 206 адам жұқтырды, оның 132-сі індеттен жазылып шықты. 

Тегтер: