24 Маусым 18:54

Ақмолада шектеу күшейді

Фото:

Ақмола облысының бас санитары Айнагүл Мусина бүгіннен бастап Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілгенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. 24 маусымнан бастап облыс бойынша іс-шаралар, форумдар, көрмелер, конференциялар, семинар, симпозиумдар, сондай-ақ отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі уақытша тоқтайды.

Сондай-ақ пациенттерді стационарларға жоспарлы жатқызу, скринингтер және профилактикалық тексеру тоқтатылды.

Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, интернат үлгісіндегі карантин және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау режимі енгізілді.

Тегтер: