23 Желтоқсан 12:58

38 градусқа дейін аяз болады

Фото:

Синоптиктер 24-26 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері 38 градусқа дейін аяз болады.

"Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының аздап көтерілуіне әкелген циклон жырасы Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады. Ал оның артынан арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон ауысады, ол 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасының түнгі уақытта 30-38 аязға дейін күрт төмендеуіне әкеледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Тегтер: