3 Мамыр 15:53

20 күн алған емнен нәтиже болмады

Фото:

Қарағанды облысында қайтыс болған 61 жастағы науқас 19 күн емделген. Індеттен көз жұмған науқас 1958 жылы туған.

Алматы, NEGE. "5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға түскен. 14 сәуірде науқас расталған СОVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылған. Екі жақты пневмония, ауыр өткен. Науқас 19 тәулік бойы ем алды. 3 мамырда науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 3877-ге жетті. 995 науқас жазылды, 26 адам қайтыс болды.

Тегтер: