13 Наурыз 10:16

ЭКС-ДЕПУТАТТЫҢ баласын Украинадағы СОҒЫСҚА  күштеп әкеткен

Фото:

Жуырда «Мәжілістің бұрынғы депутаты Самиғолла Оразовтың баласы Украина жерінде Ресей үшін соғысып жүр» деген хабар тараған. Осы ақпарат рас боп шықты.

«Азаттыққа» осы мәселе бойынша түсініктеме берген Самиғолла Оразов баласы Бауыржан Оразовты Ресейде өткен жылдың қыркүйегінде болған мобилизация кезінде соғысқа күштеп әкеткен.

Б.Оразов.

«Мобилицазия басталған кезде мен оған: «Бізге кел, елге орал», – дедім. Ол маған былай деді: «Ой, әке, кім мені соғысқа алады? Жасым 45-ке келді. Денсаулығым да мәз емес».

Содан кейін оны шақырып алып, әскери комиссариатқа  кіргізіпті. «Денсаулығым нашар, мына жерім ауырады» деген екен, ешкім тыңдамаған. Ешқандай комиссия да болмапты. «Ана жаққа барған кезде жазылып кетесің», – деп соғысқа айдап жіберіпті.

Қазір ол Запорож АЭС-іне жақын жердегі Энергодар қаласының маңында жүр. Ол жерде қақтығыс жоқ», – депті С.Оразов.

Бауыржан Оразов Орал қаласында полицияда жұмыс істепті. Кейін Ресейге кетіп, сол жақта отбасын құрып, Ресей азаматтығын алған.

Самиғолла Оразов Ресейдің Саратов облысында туған. 2008-2012 жылдары Орал қаласының әкімі болды. Ал 2012 жылы «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Тегтер: