14 Мамыр 14:43
Алматыда әуе апатынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды
Әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы тұрақты.
Алматы, NEGE. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлім етті.
«Екі науқастың да жағдайы тұрақты. Олар реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Палатада ем алады», - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.
Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17:22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.
Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.