Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Алматыда журналист Гүлнар Бажкенова екі жыл кейінге шегерумен 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Facebook желісінен

Астана, NEGE. ORDA басылымының бұрынғы бас редакторы көрінеу жалған ақпарат таратты, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, сондай-ақ бөтеннің мүлкін иемденді немесе ысырап етті деп айыпталды. Іс бойынша 11 адам мен ұйым жәбірленуші деп танылды.

Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша тағылған айып ORDA-да жарияланған сегіз материалға қатысты болды. Олардың арасында «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», Қарағандыдағы Ленин атындағы кинотеатр, сондай-ақ басқа да компаниялар мен адамдар туралы материалдар бар.

Еске салсақ, журналист 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бері үйқамақта отырды. 2 шілде күні Алматы қаласының Бостандық аудандық №2 сотында Гүлнар Бажкенованың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Сот отырысы алдында ол журналистер қойған сұрақтарға жауап беріп, қылмыстық іске қатысты пікір білдірді. Айтуынша, 18 томдық қылмыстық істі жеті ай тергеу барысында оны жауап алуға небәрі екі рет қана шақырған.