Мас күйде полицияның көлігін соққан ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам алкогольдік мас күйінде автокөлік тізгінін ұстаған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері тоқтатқанымен, ол заңды талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.

Қашу барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Қылмыстық әрекет патрульдің автокөлігімен соқтығысумен аяқталды.

Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.

Келтірілген материалдық шығын сотталушымен толық көлемде өтелді.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?