Жыл соңындағы қымбат ұрлық

Мәскеудің солтүстігінде орналасқан гараждардың бірінде сақтаулы тұрған Сталиннің лимузинін белгісіз біреулер ұрлап кеткен.

Baza телеграмм-арнасының жазуынша, бір кездері Иосиф Сталиннің жеке өзі мінген көлікті 27 желтоқсан күні түнде ұрлаған. Алты жігіт арнайы эвакуатормен келіп, гараждың қақпасын бұзған да, раритет көлікті тиеп алып кеткен.

Құжат бойынша автомобиль украиндық олигарх Руслан Тарпанның күзет қызметінің басшысына тиесілі. Көлік ұрланған түні оның телефонына мәскеулік күзет фирмасының қызметінен мәшиненің орнынан қозғалғаны жөнінде ескерту хат келген. Алайда, полиция оқиға орнына жедел жеткенімен, үлгермей қалған.

Бұл ЗИС-115 маркалы автомобиль 1949 жылдан бастап Сталиннің жеке көлігі болған. Қазіргі таңда бәссаудада мұның құны 2,5 млн еуроға бағаланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады