Жетісуда қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полицей қаза тапты

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

instagram.com/sadenov_online/

Алматы, NEGE. «Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері — полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», — деді Ержан Сәденов.

Оның сөзінше, Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді.



Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты