Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты
Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды.
Астана, NEGE. Полицияның алдын ала мәліметінше, оңтүстікке қарай бет алған Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы алдында келе жатқан КамАЗдың тіркемесіне соғылған.
Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Шағын автобустың тағы он жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жол апатының себебі анықталып жатыр.